Мұнай өндіруші зауыт қайта жаңғыртудан өтпекші

Бұл мәселені Шымкенттегі зауыт басшылығы 90-жылдардан бастап көтерген болатын.

Тадеоз Мандария, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің жаңғырту жобасының директоры: «Өз уақытында бұл зауыттың құрылысы толық бітпеген еді. Ғимараттың технологиялық циклындағы құрылыс бітпей, содан бері шектеулі сызбада жұмыс істеп келді. Нәтижесінде, мұнайдың түрлі-түсті өнімдері мен оларды өңдеу деңгейі төмен болды. Бұл мәселе 90 жылдары-ақ көтерілген болатын. Алайда, ол жылдар еліміздің нарықтық заманға өтіп, дағдарыс кезеңіне тап келген шағы еді ғой».

Мұнай өндіруші зауытты қайта жаңғырту жобасына мемлекеттік тапсырмалар енген. Қайта түлеген өндіріс мекемесіне бұл жұмыстарды жасау мұнай өнімдерінің көлемін жылына 5,3 млн. тоннадан 6 млн.-ға дейін жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, шығарылған өнімдердің сапасы әлемнің көшбасшы мұнай өндіруші компаниялардікінен кем болмайды. Сондай-ақ, зауыт еуропалық Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына жауап береді.

Зауыт басшылығы бұл жұмыстарды 2016 жылы толық бітірмекке жоспарлап отыр. Қайта жөндеудің технико-экономикалық сараптамадан өткен оң қорытындысы 24 қарашада шықты. Ендігі кезең — жобаның іске аса бастауы ғана.