Úı Jańalyqtar Оңтүстіктің тумасы Бауыржан Нұрымбетов баспаналы болды

Оңтүстіктің тумасы Бауыржан Нұрымбетов баспаналы болды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов жас әнші Бауыржан Нұрымбетовке Елордадан пәтердің кілтін табыстады.

Бауыржан: «Мен мұндай сыйлыққа өте қатты қуандым».

Еңбегінің бағаланып, еленгеніне әнші дән риза. Бауыржан Нұрымбетов алғаш рет өнерге 21 жасында келген. 2005 жылы өткен «Жас қанат » ән байқауында Лауреат атанған. Жақында Бауыржанның орындауында «Асылым ғашығым», «арулар» атты жаңа әндер жарыққа шықты.