Шымкент-Алматы бағытындағы пойыздың қызмет көрсету сапасы жақсарды

293

1-ші желтоқсан күні алғашқы рейсін жүргізген Шымкент-Алматы бағытындағы фирмалық поезды бүгінде қалыпты режимде жұмыс жасауда. Бірінші рейсте жіберілген қателіктерді қаперге алған басшылық, енді келеңсіздіктер қайталанбайды деп отыр.

Екі апта бұрын жолаушылар ыңғайлы вагондарға жоғары бағада билеттер сатып алып, қызмет көрсету сервисіне көңілдері толмаған болатын. Қазір қателіктер түзеліп, кемшін тұстар ескерілді.

Шымкент-Алматы бағытындағы фирмалық поезды бүгін Шымкентке келіп тоқтады. Жолаушылар сапар барысымен, қызмет көрсету деңгейіне дән риза. Теміржолшылар екі апта бұрын болған шулы рейстің қатесі енді қайталанбайды деп отыр.

Аталған поезд Алматыдан Шымкентке аптаның үш күнінде қатынайтын болады. Вокзал қызметкерлері билеттерді 45 күн бұрын немесе жол жүрер күні сатып алуға болады дейді.