Биыл Оңтүстікте 386 мың тонна астық жиналды. Дәнді дақылдардың басым бөлігі бидай. Біздің өңірімізде бұл дақыл түрін Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы, Төлеби және Түлкібас аудандарында өсіреді. Алайда мол астыққа қарамастан, мал мен құс жемінің бағасы жоғары. бір келі бидайды бағасы 43 теңге.
Сатушы Данияр Өзбекәлиев: «Біз дәнді -дақылдарды жергілікті диқандардан сатып аламыз. оңтүстіктің бидайы құғақ.Республикамыздың солтүстік аймақтарындағы бидайдың ылғалдылығы тым жоғары.Оны ұзақ сақтауғ,а болмайды, көгереді және өздігінен қызып кетеді.»
Мал шаруашылығымен айналысатындар шығындарын есептеуде. Бір келі арпаның бағасы 43 теңгеге жеткен. Бағаның жоғарылап кеткенін сатушылар бұл дақыл түрін өңірімізде аз егілгенгенімен түсіндіруде. Құрама жемнің бағасы 40 теңге төңірегінде. жүгерінің келісі 55, майдаланған дәні 5 теңге қымбат.
Ауласында мал не құс ұстайтындар жемді жоғары бағамен сатып алуда. Және баға өседі деген болжам жасауда. Шаруа қожалықтары өз өнімдерін сатпай көктемге дейін сақтаса, дәнді дақылдардың бағасы жоғары болуы да мүмкін.