Көксәйекте бастауыш мектеп ашылды

431
көксайектегі мектеп

Төлебилік жас бүлдіршіндер жаңа жылда үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Аудандағы Көксәйек ауылында 100 шәкіртке арналған «Көксәйек» бастауыш мектебі есігін айқара ашты. Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөліскен аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков нысанның ашылу рәсімінде сөз алып, бүлдіршндердің қадамына сәттілік тіледі.

Ізгі тілек айтқандардың қатарында аудандық мәслихаттың хатшыс Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық ардагерлр кеңесінің төрағасы Жолымбет Кенже, тағы басқа лауазымды кісілер болды.

Әуелхан Тұрғымбеков, Төлеби ауданының әкімі:
» Былтыр Тәуелсіздіктің 20 жылдығында көптген игі істер атқарылғанын білесіздер. Тапсырмаға сәйкес, биыл да осындай балаларыыыздың болашағы үшін ауқымды істерді жоспарладық. Мінеки, өздеріңіз куә болғандай алғашқы білім ұясын пайдалануға беріп отырмыз»

Мердігер «РСУ-1» ЖШС-і  қолға алған құрылыс өтен жылдың тамыз айында басталған болатын. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 112 млн 278 мың теңге бөлінген. Ел игілігіне беріліп, 150 оқушыны қамтып отырған білім мекемесінде 6 оқу кабинеті, асхана және медициналық пункт жұмыс істейді.