Көліктерге техникалық байқауды жекеменшік ұйымдар өткізеді

336

2012 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстандағы көліктерді техникалық тексеруден өткізу ісі бәсекелес жекеменшік компанияларға біржола өтті. Анастасия САЖИНОВА астындағы темір тұлпарын 2012 жылы техникалық байқаудан алғашқы болып өткізген 10 жүргізушінің қаратында. Бұған дейін жол полициясы қызметкерлерінің құзырында болып келген техникалық құралдарды байқаудан өткізумен енді жеке мекемелер айналысатын болады. Мамандар ол бәсекелестікті туғызып, қызмет көрсету бағасының төмендеуіне негіз болады дейді. Әзірге жеңіл көліктер үшін 3 мың, жүк машиналары үшін 5 мың теңге төленуі тиіс. Анастасия бұл баға қымбат емес дейді.

ОҚО бойынша тап осындай байқау орталығы Жетісай қаласында да бар. Бұрын облыс бойынша 16 орталық қызмет көрсеткен. Көлік бақылау инспекциясы осы жылдың алғашқы тоқсанында тағы 10 орталық ашуды жоспарлап отыр. Тиісті тізімге енген заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Ал процесингілік орталығының жанындағы техникалық байқау бекетіндегі жылжымалы топтар да қызмет көрсетуге мүмкіндік жасапты. Себебі жыл сайын ОҚО бойынша тіркелген 436 мың техникалық құралдар байқаудан өтуі қажет.  Соның 8 мыңы 2012 жылдың алғашқы тоқсанында техникалық талаптан өтеді деген болжам бар.

Шымкент қаласындағы техникалық байқау орны 12 маманды ресейге жіберіп, онда оқытудың арқасында заманауи қондырғылармен жұмыс жасауға мүмкіндік алған. Орталық бір көлікті толық бақылаудан өткізуге 18 \20 мин уақыт кетеді дейді. Орталық таңғы сағат 8.30 дан кешкі 19 – оо ге дейін қызмет көрсететін болады.