«Ордабасы» ФК халықаралық турнирде бақ сынауда

239
"Ордабасы" Ахмат Қадыровтың жүлдесі үшін таласуда

Шешенстанның бұрынғы президенті Ахмат Қадыровты еске алуға арналған халықаралық турнир жалғасуда. Шымкенттік «Ордабасы» алғашқы ойынын грозненсктің «Терек» командасымен өткізіп, жерлестеріміз 1-0 есебімен жеңіліс тапты.

Шешуші голды қарсылас команданың ойыншысы матчтың соңғы минутында салған. Бұл жарыс ордабасылықтар үшін аса маңызды. Өйткені осы турнирдің қорытындысы бойынша шымкенттіктер алдағы Европа лигасына қаншалықты дайын екені айқындалады.

Жерлестеріміз еуроппалық турнирге биыл алғаш рет қатысатын болады.