«Шымкент сауда үйі» әкімшісінің өліміне қозғалған қылмыстық іс жуық арада сотта қаралады

271
әкімші өлімі

Аталған қылмыс бойынша жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі сотта қаралмақ. Бұл істі Шымкент қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтауда.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 17-қарашасы күні кешкісін орын алған қылмыстық оқиға мақтаралдық екі ағайынның көңіл көтеруінен басталған болатын. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде сол 18 жастағы екі азаматқа кінә тағылып отыр. Өйткені олар сауда үйі ішіндегі кафенің әкімшісін өлтірген. Күдіктілерді дәл сол күні, оқиға орынында қолға түсірген күзетшілер күдіктілерді полиция қолына тапсырған болатын. Бұл оқиға қаланы дүрліктіргені де естеріңізде болар.

Ресми емес мәліметтер бойынша, марқұм әкімші жігіт екі «серіге» ескерту жасапты. Ал мұны ерсі қабылдаған екеу оған пышақ ала ұмтылып, сұғып алған. Ауыр дене жарақат алған жігіт сол жерде көз жұмады.
Осы қылмысқа байланысты хабарлама жасаған ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, қос жігіттің бірі адам өлтірді деп айыпталып жатса, екіншісіне адам өлтіруге оқталу қылмыс қозғалыпты. Айтпақшы, бұл қылмыстық іске нәзік жанды арудың да қатысы бар көрінеді. Оған «бұзақылық» қылмысы қозғалған.

Әзірге бұл соттың не ашық, не жабық түрде өтетіні белгісіз.