Шымкентте «Свои» фильмі жарыққа шықты

Премьераға дайындық

Шымкент қаласындағы «Жайдарман» студиясы «Свои» атты жаңа фильімді түсіріп шығарды. Жаңа туындының негізгі желісі махаббат. Ең бастысы өмірде жиі орын алатын келеңсіз жағдайлар жайында. Бірақ соңында жаман жолға түскен, өмірден адасқан балаға өзінің туған туыстары жөн сілтеп, тағдыр тәлкегіне түскен жас жігітті жарты жолда тастамай дұрыс жолға алып шығады. Фильмнің «Свои» деп аталуыда содан болар. Ал түсірімге кеткен қаржыны фильм режисерлары құпия түрде сақтауды жөн санап отыр. Егер жаңа фильімнен қаржы жақсы түссе онда келесі бір фильімнің түсірілі басталуы ғажап емес екен.

Шапағат Орынбаев (Фильімнің режисері): Түсірілімі мен монтаждалу жұмыстары екі жылға созылған туынды дайын болып халықтың назарына ұсынылмақшы. Ендігі бағасын көрермен береді. Менің айтайын дегенім ол өзімізде Отандық фильімдердің жарыққа шығуына ең бастысы көрсетіліміне неге екенін қайдам шетелдің фильімдеріне қарағанда қиындау болды. «Свои» фильімі екі тілде жасалды. Ал негізгі желісі өмірдің қиындықтарына тап болған жас жігіттің адасқан өмірі оның қиындықтан қалай шыққандығы жайында. Ал жастарға берер тәлім тәрбиесі мол екендігін осы ретте айтып өткім келді.

Олжас Бекбауов (актер): Мен бұл фильімде адасқан жігіттің рольін сомдаймын. Маған қиын болды. Ол үшін мен кейіпкерімнің оқиғасын өз басымнан өткеруім керек еді. Арнайы наркологиялық диспансерге барып есірткіге еліккендердің тағдыр-тауқыметімен таныстым. Ол әрекетімнің көмегі көп болды. Осы фильімнен кейін түйгенім. Қандай жағдай болсада алдымен саған өз туған туыстарын ең жақын ата-анаң мен бауырларын көмек беретінін түсіндім.

«Свои» филімінің алғашқы көрсетілімі бүгін Шымкент қаласындағы кинопаркттердің бірінде өтпек. Алғашқы көрсетілімге фильімге түскен актерлармен Алматыдан арнайы қонақтарда шақыртылыпты.