Зейнетақы қаншаға өскенін білмейтіндер бар әлі

Зейнеткерлердің зейнетақысы көтеріледі

«Оңтүстік Рабат» газетінің өткен нөмірлерінде 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленетін зейнетақы, жәрдемақы, жалпы әлеуметтік төлемдердің мөлшері туралы айтқан болатынбыз. Дегенмен, әлі де болса, сол төлемжердің мөлшерін қайталауды сұранып жатқан оқырмандарымыз көп. Оқырман тілегін қанағаттандыру мақсатында бүгін сол төлемдерді тағы қайталап ұсына отырып базар бағасымен бағамдауды да жөн көрдік.

Зейнетақы – 9 % өсті.

ҚР ең төменгі зейнетақы республикада – 17491 теңге болып белгіленді.

2011 жылы базалық төлемақы- 8000 теңге
2012 жылы базалық төлемақы – 8720 теңге

Осылайша 1 қаңтардан бастап (ең төменгі зейнетақы 17 491 + базалық төлемақы – 8720) 26 211 теңгені құрайды.

Әлеуметтік жәрдемақы – 7 % өсті.

(Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері әр жылға белгіленген күнкөріс шегіне сәйкес анықталады)

2012 жылдың 1 – қаңтарынан ҚР күнкөріс шегі – 17439 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1 648 теңге;

Мүгедек балалары бар ата-аналарға ай сайын – 17439 теңге төленеді.

Бала тууына байланысты:

2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап – бірінші, екінші, үшінші бала туғандарға бір жолғы жәрдемақы көлемі – 48 540 теңге.
төрінші және одан көп бала туғандарға бір жолғы жәрдемақы көлемі – 80 900 теңге.
Егіз туған жағдайда әрбір сәбиге жеке-жеке тағайындалып төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін:

бірінші балаға
2011 жылы 2012 жылы
8316 теңге 8899 теңгеге

екінші балаға
2011 жылы 2012 жылы
9828 теңге 10 517 теңге

үшінші балаға
2011 жылы 2012 жылы
11 340 теңге 12 135 теңге

төртінші және одан кейінгі туылған балаларға
2011 жылы 2012 жылы
12 852 теңге 13 753 теңге.

Халық саны:(мың адам есебімен)

2011 жылдың 1 желтоқсанына

2011 ж. 1 желтоқсанға 2010 ж 1 желтоқсанға
ОҚО-да 2619,9 2563,2
Шымкентте 641,9 627,9
Арыс 66,0 64,7
Кентау 87,1 84,9
Түркістан 239,4 234,9
Бәйдібек 54,0 53,5
Қазығұрт 105,4 103,6
Мақтаарал 294,7 291,4
Ордабасы 110,7 110,7
Отырар 55,6 54,4
Сайрам 302,5 295,2
Сарыағаш 295,6 286,7
Созақ 55,4 54,2
Төлеби 130,2 127,1
Түлкібас 103,8 100,4
Шардара 77,6 76,6

Артық болмас білгенің….
1.Республика бойынша жаңа жылдың алғашқы күндерінде 6 мың сәби дүниеге келген.
2. Республика бойынша 2011 жылдың 1-желтоқсанындағы мәліметке сүйенсек халық саны- 166657,7 құрап отыр.
Қазақстандағы табиғи өсім соңғы 3-4 жылда 300 мыңға жыл сайын артып отырғаны байқалады.
Демограф мамандар 2020 жылға қарай Қазақстан халқы 20 млнға жетеді деп отыр.
2009 жылғы халық санағы қорытындысы бойынша ел тұрғандары 16 млнан асып, қазақтар 65 пайызды құрады.
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орында тұр.