Жарылған құбырды қақаған қыста жамауға тура келді

317
жылу құбыры жарылды

Шымқалада жарылған магистралды жамауға екі бригада жұмылдырылды. Көлемі 720 мм құбырда пайда болған жырықты бекіту үшін жүйедегі су толық төгілуі тиіс. Оған кем дегенде екі-үш сағат уақыт кетеді, 1000 текше метрден астам су төгіледі дейді мамандар. Құбыр 80- жылдары алмастырылған содан бері жөндеу көрмеген екен. Биыл осы аумақтағы ұзындығы 200 метр жылу магистралын жаңартуды жоспарлап, кестеге енгізіліп  те қойылған.

Нәтижесінде Шымкенттегі Теміржол вокзалы аумағындағы 15-ке жуық көпқабаты үйлерге қоса, №79 мектеп пен №13 ертөстік балабақшасы және темір жол вокзалы мен қонақ үй жылусыз қалды. Бұл мекемелер тен тұрғындарға кеше аудан әкімдігі тарапына ескерту жасалыпты. Тұрғындар жылудың жоқтығын сезінбейді жарылған жерді жамау үшін екі-үш сағат уақыт кетеді.

Қаланың оңтүстік бөлігін жылудан ажатыру үшін «Қуат» жылу орталығы №3 энэргоорталықтың келісімін алған және мүмкіндігінше жылудан ажыратылатын үйлердің саны азайтылыпты.