Жыртқыштар күніне 85 келі ет жейді

635

«Отырар» телеарнасының сайтына қалалықтар Шымкент хайуанаттар бағындағы аңдардың жағдайы мүшкіл, жануарлардың азығықтануы мен хал-ахуалына жаның ашиды деп шағымданғануда. Зообақтағы жануарлар жайымен біздің түсіру тобы қанығып қайтты.

жыртқыштар күніне 85 келі ет жейді

Алматылық қонақ Айдос Дәуітов Шымкент зообағындағы керікке қызыққанын айтады. Жануарлардың жай-күйі де жаман емес секілді дейді хайуанаттар бағын қызықтаушы. Тұяқты жануарлар бөлімінің мамандары керіктің Оңтүстікке келгелі бойының 35 см-ға өсіп, салмағы 750келіге жеткенін айтады.

Сейілбек Есімов,тұяқты аңдар бөлімінің меңгерушісі: «Керіктің бар жағдайы жасалған. Күніне көкөніс, жем-шөп жейді. Арнайы күтімге алғамыз. Астана есімін иеленген керік зообақтың көркіне айналғаны рас.»

Шымкент хайуанаттар бағындағы 1500 бас жан-жануардың 39 ы жыртқыш аң. Олар күндігіне 85 келі ет жеп, аптасына бір күн хайуанаттар бағының жанындағы виварийден қоян, теңіз егеуқұйрығы секілді тірі азықпен қоректенеді екен.

Латипша Әлиев, Шымкенn зообағы директорының орынбасары: «Біздің Шымкент зообағындағы жануарлар рационы бұрынырақ, 30 жылдан астам уақыт алдын бекітілген. Біз осы мәзірді негізге ала отырып, жұмыс жасаймыз.»

Күніне бір рет ғана етпен тамақтанатын жыртқыштардың азығының аздығын зообақ қызметкерелі жоққа шығармайтын секілді.

Бекет Үсіпәлиев, жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі: «Барынша тырысып жатырмыз. Қазақстандағы маңдайалды зообақтар секілді қоректендіру деңгейіне жеткізуге ұмтылатын боламыз.»

Ал, зообақтағы аң-құсқа арналған торлы орынның тарлығы тағы да бөлек тақырып. Қалалықтардың аң-жануарлар жайын күйттеген бұл шағымына біздің түсіру тобы қайта оралатын болады.