«Арыс өзені бойымен» су фестивалі ұйымдастырылды

Үміткерлер мәреге бірінші болып келуге асығуда

Облысымыздың 80 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар жалғасын табуда. Соның бірі салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған істер. «Жастар орталығы» мемлекеттік мекеменің тапсырысы бойынша «Жас кәсіпкер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Бадам су қоймасында «Арыс өзені бойымен » атты су фестивалі өтті.

«Шара тікелей жастарды спортқа баулуға бағытталған. Әсіресе осы спорт түрін дамытуға үлес қосады. Өйткені салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың еңбегі де жемісті болары сөзсіз. Ал еткен еңбекті танатын тұс спорт болмақ. Сондықтан облысымыздың мерейтоы қарсаңында мұндай шараларды көптеп өткізді жлспарлап отырмыз»,-дейді «Жастар орталығы» қадр бөлімінің бастығы Дамир Жүнісов.

11 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер екі күн бойына сайысқа түсіп, 200 және 500 метр қашықтықта каноэ мен байдарка арқылы жүзіп өтуде.  70-ке жуық қатысушылардың дені спортшылар болса, өзге студент жастар да белсенділік танытты.

«Мен фестивальға қуана бірден қатыстым. Өйткені мұнда кімнің қарымы қандай екенін және өзімнің күшімді сынап көрдім. Әрі спортпен айналысуға барлық достарым мен жастарды шақырамын»,- дейді, он төрт жасар қатысушы Дмитрий.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың арасынан үздіктерді таңдап алып,  жүлдегерлерді дипломмен марапаттап, сыйлықтар ұсынды. Шараның мақсаты, жастардың каноэ мен байдаркамен жүзу спортына қызығушылығын арттыру, спортқа баулу.