Жаңалықтар 

Ірі ресейлік цирк Шымкентте

Сахнадағы ғажайыптар.Қазақстанның түкпір-түкпіріне жол тартқан ресейлік цирк Шымкенттіктерді де қуантпақ. 7-қыркүйек күні қаламызда цирктің керемет көрсетілімі басталады. Ал қазір Тараз қаласына атбасын бұрған өнерпаздар , көрші тұрғындарды өнерімен тәнті етуде. Анығырақ айтсақ, Шымкентке Ресейлік ірі цирк қонаққа келмек.

7-қыркүйек күні мәсскеулік жұлзыдардың таңғажайып өнерлерін тамашалай аласыздар. Шоу-бағдарламаға шақыру қағазын дәл бүгін алуға болады. Шымқаламыздың көшелерінде Шақыру билеттеріне деген арнайы шегерімдерді көңілді сайқымазақтар таратып та жүр. Жеңілдіктер қаралған шақыру билеттерін қаламыздағы кассалар ұсынуда.Небәрі бірнеше күннен соң, жерлестеріміз Ресейден ат терлетіп келген цирк әртістерінің тұщымды туындыларын өз көздерімен тамашалайды. Ал қазір цирк әртістері Тараз қаласының тұрғындарын таң қалдыруда. Шоу-бағдарламаға тек балалар ғана емес, үлкендер тарапы да тәнті. Тамсанып тамашалағаны соншалық, сахнадағы әрбір әрекеттерінен көз алмай қараған.

Майра Мақсатхан, Тараз қаласының тұрғыны: “ Ия, расында бұл циркке келіп, қуанып жатырмыз. Балаларымыз мұндай тартуды күтпесе керек. Шаттанып, таңғажайып әлемде жүргендей күй кешуде. Әрине, жан-жануарлар мен аңдарға қарап аңтарылып отыр. Әйншейінде улап-шулап отыратын перзенттерім циркті тапжылмай отырып тамашалады. Қуаныштарында шек жоқ. Балаларымның қуанышын көріп өзім де баладай болып отырдым ғой. Әттең, осындай цирктер елімізге көптеп келіп тұрса деймін. Себебі, ғажайыптар әлеміне саяхат жасататын Ресейлік цирк Тараздықтарға таңғажайып серпін сыйлады”.

Шебер жонглер, Қалықтаған гинасттар, экзоткалық аңдар, ал ең бастысы бағдарламаның жұлдызы – железный Алекс. Көпшіліктің көз алдында батыр әртіс түйінделген темір шынжырларды тарқатып, метал бұйымдарды майыстырып күш-жігерін танытты.

Батырхан Өсер, Тараз қаласының тұрғыны: “Біздің сыныпта 30 оқушы бар болса, сол достарымның барлығы да осында келді. Көптен бері көшеде ілініп тұрған жарнама қағаздарының қасына барып суретке түсіп жүретінбіз. Енді міне, ен батырларымызды өз көзімізбен көріп, жандарына барып суретке түсуге мүмкіндігіміз болып отыр. Қуаныштымын, енді жыл бойы ауыз толтырып айтып жүретін боламыз. Мұндай қуанышты сәттерімізді сыныптастарым да ұмытпайды деп ойлаймын. Ең қызықты сәттері көз алдымда тұр. Ал темір Алекстің ерлігі тіптен керемет! Шынымды айтсам, менің де цирк әртісі болғым келеді. Қызығушылығым ауып, енді анама арманымды айтудамын. Әрине, болашақта бұл арманыма да қол жеткізермін деген үміт бар.

Енді бірер күнде шымкенттіктер керемет шоудың куәгері болары хақ. Жұмадан бастап цирктің есігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін айқара ашылады. 

http://www.youtube.com/watch?v=J4-B8JkvEwU

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz