Әртістер тоңып жүр

345
театр қызметкерлері дайындық кезінде

Әншілердің саулығы сыр берді. Өңіріміздегі опера және балет театрының ұжымы осылай деп шағымданады. Айтуларынша, соңғы 5 жыл бойы ұжым мүшелері денсаулық бюллетендерінде жүр.

Театрдың көркемдік жетекшісі Ерлан Жандарбай әртістердің неге жөтеле беретінін тәптіштеп түсіндірді. Айтуынша, театр ашылғаннен бері өнер ошағында мардымды жылу жүйесі болмаған. Соның салдарынан қыстыгүні ұжым әртістері еңбекке уақытша жарамсыз деген анықтама тасумен әлек болады екен.

Ерлан Жандарбай, облыстық опера және балет театрының көркемдік жетекшісі: «20 минуттық, 10 минуттық шығармаларды айтып жатқан кезде, әртіс тыныс алады. Тура сол сәтте суық ауа тамаққа келіп, ұстап қалады, тамағының іші мұздап, кебеді. Шығарма толық орындалмай қалады осылай. Салқын, суық жердің кесірі тиеді. Содан жөтел пайда болады. Бұл суық — жанды дауысқа өте зиян, әртістердің тамақтары ауырып жатыр. Осылайша дайындықтағы әртістер концерт күні ауырып қалып, келесі ауысымдағы әртістерді шақырамыз.ә

Өнер адамы үшін еркіндік керек. Моральдық тұрғыдан да, физикалық жағынан да. Ал залдың суықтығы бұл еркіндікті берер емес. Аспапта ойнайтындар қолғап киюге мәжбүр болса, дирижер қалың тонын тастамайды. Мұндай ыңғайсыздықтан жарытып туынды жасау да екіталай.

Татьяна Желтикова, оркестрдің әртісі: «Дирижеріміз де жаурап, дайындықты ойдағыдай жүргізе алмаймыз. Жаурағанымыз соншалықты, саусағымыз аспапты шертуге келмей қалады. Ал концерт кезінде жағдаймыз тіпті қиындайды. Жертөледегі суық орынға жайғасамыз. Денеміз суықтан көгеріп кетеді. Мәселен, суық күнде көрермен қалың тон киіп отырады. Ал біз шайы көйлекпен өнер көрсетеміз. Мұның бәрі айтылып жатыр жоғары жаққа.»

Опера және балет театрының ұжымы жаурап жүрміз деген уәжін тиісті орындарға бер емес, бірнеше рет айтыпты. Бірақ құлақ асып, мән берген ешкім жоқ. Бұған біз де куә болдық.

Айбек Баймахан, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: «Мен мұны бірінші рет естіп тұрмын. Бізге опера және балет театры мекемесінің басшысы айтқан емес еді?»

Жылусыз батареялар
Жылусыз батареялар

Айбек Баймахан, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: «Облыстық опера және балет театрына қатысты тапсырма берілген. Жобалық-сметалық құжат дайындау үшін тапсырма берілді. Ол үшін бізге қаржы қажет, қажетті қаржы қазір қарастырылуда. Толық біткен соң ол сараптамадан өтеді. Біз оны облыс әкімдігінің бюджеттік комиссиясына ұсынамыз.»

театр қызметкерлері дайындық кезінде
Театр қызметкерлері дайындық кезінде

Мамандар театр ұжымы тоңбайтын күн алыс емес деп сендірді. Бірақ, бүгінгі мұз қатқан жылу батареяларының күн райы жылынып, көктем келгенде қосылуының қажеті шамалы болмаса игі.