Таяуда облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасы, Кентау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы жасағының сарбаздары бірлесе отырып, іздеуде жүрген күдіктіні тұтқындады. 20 жастағы Кентаулық азаматқа осыдан екі жыл бұрын кісі өлтірген деген айып тағылып, содан бері республикалық іздеу жарияланған еді.
Жақында полиция қызметкерлері күдіктінің Шымкент қаласында жүргені туралы шұғыл ақпарат алады. Содан шұғыл операция жүргізіп, «Нұрсәт» шағынауданындағы үйлердің біріне отырған жерінен күдіктіні қолғы түсіреді. Оның қасында ағасы бар екен. Сезіктілер мұндай «қонақтарды» күтпесе керек, өздерінде бар бірнеше қаруды қолданып та үлгере алмай қалды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=aY7sYNdMLSk[/youtube]
Адам өлтірген деген күдікпен іздеуде жүрген сезіктімен бірге үйде ағасы да болған. Жігіт ағасы осынша қаруды қайдан алғанын сұраған тәртіп сақшыларына әдеттегідей, тауып алдым деп жауап берді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NVkup6EYiOc[/youtube]
Қазіргі таңда қолға түскендер уақытша тергеу абақтысына қамалған. Ал қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді. Енді тапаншалардың бұған дейін орын алған қылмыстарда қолданылған-қолданылмағаны тексеріліп жатыр.