Жеңілдетілген бағада сатылып жатқан картоптың сапасына сын көбейді. Тұтынушылар шіріген картопқа тап болдық деп, наразылықтарын білдіруде.
Базарда таңдау көп болғандықтан, сатушылар 65 теңгелік картоптың сапасын ұнатпағандар Қырғызтаннан әкелген картопты алады дейді. Ал оның бағасы 100 теңгеден жоғары. Сондықтан болар, арзан картопқа сұраныс жоқ көрінеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RZItyjEkcEE[/youtube]
Ал осы кезде қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі «Егер тұрғандар осындай жәйттерге тап болса, жергілікті әкімдіктерге хабарлассын» деп отыр.