Баласын арқалағандар алақан жайып жүр

729

«Қайыршысы жоқ ел бақытты.» Әбу Нәсір әл Фарабидің бұл сөзіне сай ел бола алмай отырған жайымыз бар. Базар іші, мешіттің жаны, жоласты өткелдер, көше, тіпті, үлкен даңғылдардың қақ ортасында қайыршы қаптап жүр. Балалы ана, мектеп жасындағы бала.

Алақан жайғандар мешітті паналайды
Алақан жайғандар көбіне мешітті паналайды

 

vlcsnap-2014-02-03-17h38m06s116

Мына мешіт Махсубаның тұрақты мекені айналған. Алла үйіне бас сұққандардан қайыр сұрайды. Самарқаннан көшіп келген келіншектің 3 баласы бар. Атақонысқа келгелі де 3 жыл өтті. Тұрақты табысы болмағандықтан, қайыр сұрауға мәжбүрмін дейді. Отағасы да жұмыссыз. Ал көшеге баламен шыққан күндері табысы көп болады. Содан болар, балаларын жанынан бір елі тастамайды екен.

Махсуба, 21 жаста: «Жағдайымыз жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз, үш балам бар. Осыларды асыраймын, үйіміз суық, балам да, мен де ауырып тұрмын.»

Алақан жайғандардың қатарында балалы жандар мен кәмелет жасқа толмаған жасөсіпірімдер көп. Бір айдың ішінде балаларды уақытша бейімдеу орталығына 88 жасөспірім түссе, оның 54-і толық емес отбасыдан шыққан. Дені қайыршылықты қаршадайынан кәсіп еткендер. Оларды жастайынан алақан жаюға итермелейтін қу жоқшылық пен ата-анасы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jjRblu2uBLI[/youtube]

Ғалия Жүсіпова, ОҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің басшысы: «Көшеде қайыр сұрап жүрген балалы әйелдерді көргенде қабырғамыз қайысады. Рейд кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шектелеміз. Себебі, біз оларға шара көре алмаймыз. Ол біздің құзырымызға жатпайды.»

Жесірін қаңғыртып, жетімін жылатпаған қазақ үшін қайыршылық ежелден кәсіп емес. Дегенмен, тентірегендердің көбі өзге ұлт өкілдері болғанымен, қазақ азаматтары да бар. Облыстық көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Нұрдәулет Төлегенұлының айтуынша, шетелден келетін азаматтардың қатары сиреген. «Қазір қайыршылықпен айналысып жүргендердің дені Сайрам ауданынан келгендер» дейді маман.

Қайыршылықтан құтылудың негізгі көзі — жұмыспен қамту. Алайда бұл — бүгін-ертең шешілетін мәселе емес. Оның үстіне көше кезгендерді түзейтін заңның жұмсақтығы көп нәрсеге қолбайлау дейді мамандар.