Сочи Олимпиадасына Оңтүстік Қазақстанның үш спортшысы жолдама алды. Олар фристаил-акробатикадан сынға түседі. Бұдан бөлек Шымкентте қысқы ойындардың тағы үш түрінен шәкірт тәрбиеленуде. Бүгінде қысқы спорт түрлері мектебінің алғашқы қарлығаштары жарыстарда орын алып та жүр. Жуырда ғана жерлестеріміз кезекті додадан оралды.
Шорт-тректен ел біріншілігінде шымкенттіктер жүлдесіз қалған жоқ. Астанада жалауы көтерілген турнирдің жалпы есебінде Оңтүстіктің саңлақтары сәтті өнер көрсеткен. Бұл жолы жастар 13 қола және 5 алтын медаль жеңіп алды. Бір ғана Нұрлыбек Бейсеевтің өзі 5 рет алтыннан алқа тақты.
Мәнерлеп сырғанаудан да ең кішкентай кәсіби спортшылар Өзбекстанның ашық чемпионатынан оралды. Осыған дейінгі жарыстарда тәжірибе жинақтап жүрген жерлестеріміз Ташкентте 3 күміс және 3 қола медальды жеңіп алды. Енді олар ақпан айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындығын бастамақ.
Мәнерлеп сырғанаудан Ташкент қаласының ашық кубогінде топты жарғандардың тізімі:
Күміс медаль иегерлері:
Алина Пугачева
Айдар Жапбаров
Гауһар Құттыбаева
Қола медаль иегерлері:
Назерке Бақытжанқызы
Иван Соловьев
Дариға Нұралиева
Шорт-тректен 4 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарғандардың тізімі:
Нұрлыбек Бейсеев — 5 алтын
Үшінші орын иелері:
Нұрлыбек Бейсеев
Шыңғыс Рысқұл
Роман Азарсков
Аида Даулеталиева
Ажар Ахмет
Назерке Байжанова
Ксения Подчасова
Дана Оңал
Әйгерім Есіркеп
Ақбала Асембаева
Богдан Кучинский
Иван Чехомов
Самат Мұсаев
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q0zPYzCkAxw[/youtube]