Шымкентте теннистен ел чемпиондары анықталды

325
ақпанның 10 күні ҚР чемпионаты Шымкентте басталады, фото www.tvrijsenhout.nl сайтынан алынған

Теннистен 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионаты биыл Шымкентте  өтті. Жарыс үш күнге жалғасты. Нәтижесінде жекелей сында жалғыз жерлесіміз ғана алтыннан алқа тағынды. Ол — Дастан Ташбулатов. Шымкенттік теннисші ақтық кездесуде Радион Пакпен кездескен болатын. Ал Марк Голес үшінші орынды иеленді. Қыздар арасында Данель Аширова бас жүлдені жеңіп алды. Ал жұптық сынақта Оңтүстіктің шәкірті Жанель Тайтели екінші орыннан көрінді.

10-ақпан күні Шымкентте ҚР чемпионаты басталады

Дастан Ташбулатов бұл жолы да бапкер үмітін ақтады. 14 жасар жерлесіміз өз қатарластарының арасында №1 теннисші атағына ие болды. Ел құрамасында өнер көрсетіп жүрген Дастан жуырда ғана Шымкентте өткен ел чемпионатында жекелей сында да, жұптық есепте де алтын медаль жеңіп алды.  Бүгінде Дастанды жаттықтыруға республикалық федерациядан арнайы маман келген. Ол жерлесімізді халықаралық жарысқа дайындайтын болады. Биылғы маусым теннисші үшін жарысқа толы болмақ.

Ақпанның 10-жұлдызында Шымкентте жалауы көтерілетін ел чемпионатына Дастанмен бірге өзге де теннисшілер дайындалуда. Мақсат бір — халықаралық жарыстарға жолдама ұтып алу.