Шымкент теміржол вокзалына бомба қойылды деп жалған хабар таратқан азамат ұсталды. Естеріңізде болса, 3-ақпан күні 102 телефонына белгісіз ер азамат қоңырау шалып, теміржолға жарылғыш зат қойылғанын мәлімдеген болатын. Сол күні вокзал аумағынан 3000-нан астам азамат қауіпсіз жерге шығарылған еді. Ойыны осылған азамат Мақтааралдан келген екен.
Жалған хабардың салдарынан Сарыағаш — Астана, Шымкент — Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы мен бір жүк пойызы тоқтатылып, жолынан кешікті. Арнайы құрылымдар шұғыл іздестіру шарасын өткізгенімен, ешбір жарылғыш зат табылған жоқ. Ал жедел іздестіру барысында осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Шымкентте ата-анасының үйінде тұрып келген 1981 жылы туылған азамат ұсталды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zQNBDz-AayI[/youtube]
Сезіктіден айғақтық зат ретінде ұялы телефон тәркіленген. Қазір 33 жастағы азаматтың барлық шалған қоңырауы мен өзге де ақпараттары сараптамадан өтіп жатыр. Ал өзі қазіргі таңда өз ісін мойындап отыр дейді сақшылар.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=K05CishhTBg[/youtube]
Айта кетейік, жалған қоңырау шалып, «әзілдегендер» енді өзгетілген заң негізінде жаупқа тартылады. Қазақстан республикасы қылмыстық кодексінің 242-бабына өзгерту енгізілді. Бұдан былай жарылғыш зат жайлы жалған қоңырау шалғандар 6 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.