Кеденде кептеліс болмайды

327

Кеденде бұдан былай ұзын-сонар кептеліс болмайды. Облыстың жүк тасымалдаушы компания өкілдерімен кездескен кедендік бақылау департаментінің басшылары осылай деп мәлімдеді.

Мамандар кеденнен алып өтетін қандай да бір тауарды электронды порталға енгізіп, уақытын үнемдеудің жолдарын үйретті. Оңтүстік Қазақстан облысында екі уәкілетті экономикалық оператор тіркелген. Енді олар уәкілетті экономикалық операторға беріліп, өз жұмысын бастады.

Енді тауар тасуда кедендік операцияларды үйде отырып-ақ жүргізуге болады. Бұл процесс уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие. Әзірге автомобильді тасымалдауға қолданылатын шара 1-қазаннан бастап теміржолда, келер жылы әуе қатынастарында қолданылмақ.

Нұржан Теңлібаев, ОҚО Кедендік бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Мысалға алар болсақ, бір азамат Түркиядан тауар әкелетін болса, 30 күн бұрын немесе екі апта бұрын біздің порталға тіркеледі. Графаларды толтырады. Сосын кеденнен өтерде біз оны ұстамай, сол ақпараттар  бойынша өткіземіз. Және кеденде кезекте тұрмайды. Бұл өздеріне тиімді.»