«Ордабасы» үздік алтылыққа енді

136

«Ордабасы» футболшыларына бұл матчта жеңіске жету аса қажет болатын. Өйткені, маусым басталмай жатып-ақ клуб төңірегінде болған дау-дамайды басу үшін жеңіске жету қажет еді. Жерлестеріміз де оны жақсы түсінді. Нәтижесінде «Тобыл» командасының қақпасына Оңтүстік футболшылары үш гол соқты. Қорытынды есеп – 3:0. Осылайша ел чемпионатының турнирлік кестесінде ордабасылықтар үздік алтылыққа тұрақтады. Келесі матч сәуірдің тоғызы күні сырт алаңда «Ертіспен» өтеді.

[youtube]http://youtu.be/61Tm3IOIj6Y[/youtube]