Түн кезген қыздар таяқ жеп қалды (видео)

468

Түн ішінде шу шықты! Кафеге қыдырып, көңіл көтереміз деген қыздар таяқ жеп қалды. Өздері осылай деп шағымданып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

000

Бұл оқиға түнгі сағат 02:30-дар шамасында, Тәуке хан даңғылы бойындағы кафелердің бірінде орын алады. Хабар алған полиция экипажы оқиға орнына тез жетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ss9vCYStlWY[/youtube]

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде, қыздарға қол көтергендер қашып кетіпті. Бір айта кетерлігі, жәбірлендік деп шағымданған қыздар тәртіп сақшыларының сауалдарына дұрыстап жауап бере алған жоқ. Тіпті, қарсылық көрсетпек те болды. Сондағысы, бейнекамераға түсуден ұялады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8XbD_mWh4cM[/youtube]

Ақыры қыздар Әл Фараби полиция бөліміне жеткізілді. Енді мәселенің анық-қанығын сондағы тергеушілер анықтайтын болады.