Халық жылу үшін 1 миллиард теңге қарыз

Облыс әкімдігі жылу маусымын қорытындылады. Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше, 3211 бюджеттік мекеме өткен қыста тиісті ереже бойынша жылу алған. Алайда, жылы суға ешкім қолын жаппай малымапты.

жылу маусымы Мәселен, Сайрам ауданындағы төрт мектепке қаңтар айында 235 тонна көмір жетпеген. Қаланың барлық нүктесіне жылу тарататын 3-Энергоорталық мекемесі облыстық әкімдіктегі температураны да қалыпты жағдайда ұстамаған. Есесіне, акционерлік қоғамға тұтынушылары 1 миллиард теңге қарыз болып шықты.

Берік Оспанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары: «Сіздердің бастапқыда-ақ жұмыстарыңыз дұрыс жолға қойылмаған болатын. Сондықтан шұғыл жұмысқа кірісу керек. Ал қарыздарыңызды бұрынғыдай біз жинап бермейміз. Өздеріңіз жинаңыздар.»