Қарыз үшін 4 кісі өлтірген адамның соты басталды

344
Айыпталушы

Шымкентте төрт адамды өлтірген азаматқа қатысты сот отырысы басталды. 39 жастағы күдікті – Ордабасы ауданының тумасы. Оқиға 26-ақпан күні Шымкент қаласындаға Қабанбай Батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Полицейлер сол күні қарыз ақша үшін 4 адамды пышақтап тастаған күдіктіні қолға түсірген еді.

Айыпталушы
Айыпталушы

Тергеуде анықталғанындай, айыпталушы өзінің танысынан қарызын сұрап келген. Сол жерде туындаған жанжал кезінде қылмыскер үйдің иесі мен оның әйелін және женгесін өлтіріп, содан соң көрші үйде тұратын марқұмдардың туысын да пышақтап кеткен. Қаніпезер кейіннен өз-өзіне қол жұмсамақ болған, алайда шақыртумен келген полиция қызметкерлері дер кезінде оны тауып, өлуіне жол бермеген. Айта кету керек, айыпталушы бұған дейін екі рет сотты болған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=q1NPQ5B4A_4[/youtube]