Қан майданда от кешкен аталарының суреттері мен есімдері жазылған тақтайшаны қолдарына ұстаған ұрпақтары Қажымұқан стадионы алдынан Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» дейін жүріп өтті.
Содан кейін ардагерлер әскери-далалық асханада дайындалған астан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады, әскери әуендерді қосыла шырқады.
Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Оңтүстіктен 140 мың азамат аттанып, оның 43 мыңы елге оралған. Бүгінде олардың 550-і ғана арамызда жүр. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз! Олардың ерліктері ұмытылмайды!