«Оңтүстік Жарық Транзитте» жаңартудың екінші кезеңі басталды

Облыстық монополияға қарсы департаменттің жетекшілігі «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жаңарту бағдарламасына байланысты журналистерге баспасөз-турын өткізді. 2014 жылға бағытталған инвестициялық бағдарлама 2 миллардтан астам теңгенің қаржысын құрайды. Осы ақшаға облыстың аудандары мен Шымкент қаласындағы электр құрылғылары жаңартылуы қажет.

трансформатор

Монополияға қарсы департаменттегілердің нысандарды бұлайша аралауы жұмыстардың уақытында атқарылып, сапалы болуына септігін тигізеді. Жалпы, жаңғырту жұмыстарына 7,5 миллиард теңге қаралса, биыл оның 2,5 милларды жұмсалмақ.

Бауыржан Қуанышбеков, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы: «2,5 миллиард теңге жаңа жобалар жасауға, КТП-ларды ауыстыру және автоматтандыру мәселелеріне жұмсалады.»

Бүгінгі таңда Қайтпас пен Тельман шағынаудандарында шағын трансформаторлық қондырғылар жаңасына ауыстырылған. Одан бөлек тұрғындардың өздері жүргізген, ешқандай нормаға сай келмейтін электр желілерінің барлығы дерлік жаңарған. Енді аталмыш елдімекендердің халқы электр жарығын еш қауіпсіз тұтына алады. Қуантарлығы сол, қолданысқа еніп отырған жаңа құрылғылардың барлығы Қазақстанда жасалған.

Жаңарту бағдарламасына бөлінген 2014 жылдың алғашқы қаржысы Шымкенттегі проблемалы екі ауданға бағытталмақ. Оның аясында тұтынушыларды сапалы электр жарығымен қамту мен жарықтың техникалық жоғалуын азайту сынды мәселелер қаралған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wkwSUTtty5A[/youtube]