Оңтүстіктің үздік мейірбикесі анықталды

524
марапаттау рәсімі

Оңтүстіктегі ең үздік мейірбике Ордабасы аудандық орталық ауруханасында қызмет етеді. Он жылдан бері аудан тұрғындарының көз қуанышына айналған Салтанат Татенбаева «Мейірбике ісінің үздігі» атты облыстық кәсіптік байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Жеңімпазды облыс әкімінің атынан орынбасары Ербол Садыр құттықтап, мақтау парағын тапсырды.

марапаттау рәсімі
марапаттау рәсімі

Салтанат Татенбаева, «Ең үздік мейірбике» номинациясының иегері: «Мен өз мамандығымды жақсы көремін. Жан сақтау бөлімінде мейірбике болып жұмыс істеймін. Әрине, жұмысымыз ауыр. Дегенмен, науқастардың сауығып кетуі үшін аянбай еңбек етеміз. Марапатқа мені лайықты деп тапқандары үшін рахмет. Сенімді ақтаймын!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2jNBJGFh2zE[/youtube]

Айта өтейік, Оңтүстікте 22 мыңнан аса орта буын медицина қызметкерлері бар. Оның 50 пайызының санаты жоғары. Бұл халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіліп жатқанын дәлелдесе керек. Осы шара кезінде, сондай-ақ, «Ең ұздік фельдшер», «Ең үздік акушер» номинациясының жеңімпаздары да анықталып, марапатталды.