Әуе апатына кінәлі диспетчердің жазасы жеңілдеді

341

Естеріңізде болса, «Қазаэронавигация» мекемесінің диспетчері Қанат Ақылбековты Абай аудандық соты 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Осы орайда сонау Ресейдің Тула қаласынан мемлекетаралық авияциялық комитеттің бөлім басшысы Когорин Сергей Николаевич келді, куәгер болып.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=41NNrVA6rhE[/youtube]

Айтуынша, әуе апатының орын алуына Қанаттың еш кінәсі жоқ. Диспетчер сол бір қысыртаңда барлығын, техникалық ереже бойынша орындаған екен. Сарапшының бұл уәжі орынды болғандай. Өйткені, облыстық соттың судьясы Ақылбековты ақтамаса да, жазасын 6 жылдан, 4 жылға қысқартты, жеңілдеу шешті.

20140627_102707

20140627_120357
 Десе де, сот отырысында күдіктінің қорғаушылары әуе көлігінде көптеген ақау болған. Тіпті, авто пилот істен шығып, ұшқыштар қажет кезде дұрыс шешім қабылдамаған деп уәж айтты. Алайда, қорғаушылардың сөзімен марқұм ұшқыштардың туыстары келіспей отыр. Мәселен, қаза болған әуе кемесі командирінің жары, -күйеуім кезінде моторсыз ұшақтарды да керосинмен көкке көтерген деп салды. Ал, қорғаушылар сот жазаны не үшін қысқартпай, Қанатты мүлде ақтау керек еді дейді. Өйткені, олардың ойынша диспетчердің кінәсі делелденбеген.

20140627_171440

20140627_102717
Дегенмен, Қанат Ақылбековтің туыстары сот шешімі қағаз жүзінде қолға алған соң, кассациялық сотқа арызданбақ. Себебі, облыстық соттың бұл шешімен олар да келіспей отыр.