Кәсіпкердің құқығы тапталып жатыр ма?

349
Жиында кәсіпкерлердің құқығы қаралды

Кәсіпкерлердің құқығы тапталып жүр ме? Осы сұрақты негізге алған облыстық кәсіпкерлер палатасында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген кәсіпкерлер кәсібін дөңгелетуге келгенде кедергі болатынын алға тартып, құқықтарының тапталғанын айтты. Солардың бірі – «Автонұр» базарының директоры. Ол арызымен қоса арнайы ролигін арқалай келген. Онда базардағы қырғыз сатушыларын негізсіз, 4 ай бойы тексерген көші-қон полициясының заңсыз қылықтары көрсетілген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=I8t_4A0G01w[/youtube]

Базардағы шетелдік сатушылардың айтуынша, тәртіп сақшылары олардың құжаттарын алып қана қоймай, орындарынан әкетіп қалған оқиғалар да тіркеліпті. Өз кезегінде көші-қон полициясының басшысы тексерудің заң аясында жүргізілгенін түсіндіріп бақты. Ал кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі бұл мәселені аяқсыз қалдырмай, арнайы топ құрып, тексеретін болды. Одан бөлек, қабылдауға тағы да алты кәсіпкер келіп, тексеруден көз ашпай отырғандарына шағымданды.

Жиында кәсіпкерлердің құқығы қаралды
Жиында кәсіпкерлердің құқығы қаралды

Молдияр Оразәлиев, облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы: «Бұлай болмайды, көріп отырғанымыздай, 10-15 адамды өзімен бірге алып кетіп жатыр. Оның қолын қайырып, ашу-ызасына тиді жұрттың көзінше. Оны халық та көрді ғой? Бұл не бассыздық?! Шын тексеретін адам базарға келсін, алдымен басшыларына жолықсын, сосын кәсіпкерлерді, сатушыларды біртіндеп шақырып, құжаттарын тексерсін! Оның қолын қайырып, оны байлап тастайтындай мәселе жоқ мұнда.»