Шалғайдағы ауылға табиғи газ келді

643

Ауылдағы күл шығарып, көмір жағатын ағайынның машақаты азайып келеді. Шардара ауданы, Алатау батыр елді мекеніне табиғи газ жетті. Осылайша ауылдағы 9 мыңнан астам тұрғынға Астана күні мерекесіне тамаша тарту жасалды. Бұл ауқымды жұмысқа мемлекет қазынасынан 1 милярд  300 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Өмірбек Ділдәқыз, ауыл тұрғыны: «Ауылға өмір бойы келмеген газ келді. Қуанышымызда шек жоқ. Несін жасырамыз, көгілдір отынсыз отырдық. Айттық, сұрадық. Енді міне, тілегіміз қабыл болып, көгілдір отынға қол жеткіздік».

Айта өтейік, биыл тағы да Шардара ауданына қарасты, Көксу ауылдық округіне де көгілдір отын беріледі. Аудан әкімінің айтуынша, 2017 жылға дейін аудан тұрғындары толықтай газбен қамтылады екен. Сонымен қатар, ауылды көркейту жұмыстары да, қолға алынып жатыр екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xCZ3YMaiguo[/youtube]