Жоғарғы кернеулі тоқ екі адамның өмірін қиды

420

Шымкентте қайғылы жағдай орын алды. Соның салдарынан екі адам мерт болды.

004

Рысқұлов даңғылының бойында, жанармай бекетінің қасында жүк көлігі жанып кетті. КамАЗ жүргізушісі жекеменшік учаскеге тас төгіп жатқан кезде көліктің темір борты жоғары кернеулі электр желісіне тиіп кеткен.

003

Соның салдарынан жүк көлігі өртеніп, жүргізуші мен кабинада отырған тағы бір адамды қуатты тоқ ұрады. Соның кесірінен жүргізуші мерт болды. Ал екінші жұмысшыны куәгерлер шұңқырға жатқызып, балшықпен көміп тастағанымен, оқиға орнына келген дәрігерлер оның да көз жұмғанын айтты.

005

Қазір оқиға орнында Абай аудандық прокуратура және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Әбутәліп Мұстафаев, Абай ауданының прокуроры: «Абай полиция бөлімінің тергеушілері техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан екі және одан көп адам қайтыс болу фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл жерде электр желісін тасымалдау мекемелері тарапынан дұрыс бақыламау белгілері болуы мүмкін. Дегенмен, әзірге нақты біреуді кінәлі деуге болмайды. Бірақ, екі адам мерт болған соң міндетті түрде тергеу-тексеру жүргізіледі. Бұл іс менің жеке бақылауымда болады.»

Ернар Балабеков