«Өмір – өзеннің» орны ерек»

419

«Ерекше жандар» бағдарламасының кезекті қонақтары – жас ақын, «Өнерім – көңіл шуағым» байқауының 2-орын иегері, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Төлеген Әбдірасилов және ұстазы Айгүл Омашева.

– Төлеген, байқауға қатысып жүлделі орынға ие болдың. Қандай сезімде болдың?

– Бұл байқауға қатысқан кезде қатты толқыдым. Мені екінші орын иегері деп жариялаған кезде өте қуандым.

– Айгүл ханым, Төлегеннің ақындық қабілетін қалай байқадыңыз?

– 2015 жылы бастауыштан 5 сыныпқа ауысқан кезде Төлегеннің сынып жетекшісі етіп тағайындады. Әр сабақта әр баланың қабілетн байқап отырдым. Әдебиет сабағында еркін тақырыпта өлең жазып келіңдер деп тапсырма берген болатынмын. Оқушылардың ішінде ерекше назар аудартқаны Төлегеннің өлеңдері болды. Төлегеннің көптеген өлеңдерін оқыдық. Ұжыммен бірігіп Төлегеннің «Өмір өзен» атты өлеңдер кітабын шығардық. Бұл топтамаға 11 өлеңі басылды. «Елбасыға мың алғыс» атты өлеңі ерекше.

– Төлеген, өлең жазуды қай жастан бастадың?

– 12 жасымда өлең жаза бастадым. Өлең жазу алғашында қызықты болып көрінді. Әдбеиет сабағында ұстазым берген тапсырмадан кейін қызығушылығым арта түсті.
– «Өмір өзен» атты атауды неге таңдап алдың?

– Өмір мен үшін өзінің қиыншылықтарымен және бақытты сәттерімен қызық. Мен өзімді достарым, отбасым, бауырларымының ортасында жүргенде бақытты сезінемін.