«Зейнетақыны үйге жеткізіп беру қызметі бар»

363

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – «Азаматтарға арналған үкімет» МКК АҚ ОҚО бойынша филиалының әлеуметтік төлемдерді ведмоствоаралық есептеу орталығы департаментінің Шымкент қаласы Абай аудандық операциялық бөлімінің басшысы Нұрдәулет Диқанбаев.

– Әлеуметтік төлемдерді орталыққа барып ала алмаған жағдайда зейнетақыны үйіне апарып береді. Аталған қызмет түрі кімдерге тиесілі?

– Ай сайынғы төленіп жатқан әлеуметтік төлемдерді төлеу жөніндегі ұйымдар яғни, екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштаға» барып, ала алмаған жағдайда үйіне жеткізіп беру қарастырылған. Ол «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, 80 жастан асқан зейнеткерлерге, «Қазпошта» мекемелеріне баруға мүмкіндігі жоқ, жүріп тұруға қолайсыздығы бойынша медициналық анықтамасы бар адамдарға әлеуметтік төлдемдер ай сайын үйіне жеткізіліп тұрады.

– Сіз айтқан топқа жатпайтындар да бар. Туыстары алуына болады ма?

– Өзі бара алмаған жағдайда нотариат куәландырған скенімхат бойынша үшінші тұлғалардың алуына мүмкіндігі бар. Іс-әрекетке қабілетсіз болған жағдайда қамқоршыларына алуына болады.

– Осы салаға енгізіліп жатқан жаңалықтар жөнінде айтып өтсеңіз…

– 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап төленетін базалық зейнетақының мөлшерін есептеу бұрынғыға қарағанда өзгешелеу. Қазіргі таңда базалық зейнетақы алушыларға жалпыға бірдей 14 466 теңге төленіп жатыр. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі еңбек өтіліне байланысты төленетін болады. Зейнетақы алушының 10 жыл еңбек өтілі болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. Егер 10 жылдан асқан өтілі болса онда 2 пайыздан қосылып отырады. Егер 20 жыл еңбек өтілі болса онда талап етілген 10 жыл үшін 50 пайыз қосымша тағы 10 жыл үшін тағы 20 пайыз қоса алғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын алып отырады. 20 жыл өтілі үшін.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін берілетін төлемдер жөнінде айтып өтсеңіз. Жаңалық бар ма?

– Біздің орталықтан төленетін мүгедектік жәрдемақы төлемі белгіленген топтары бойынша төленеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектер үшін есептеу механизмінде өзгерістер болып жатыр. Қазір қайта есептеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы 25 қарашадан бастап осы бойынша толық мәлімет бере алатын боламыз.

– Егер зейнеткерлердің тұрғылықты мекен жайы ауысқан жағдайда әлеуметтік төлемдерді қалай алатын болады?

– Қоныс аударған жағдайда халыққа қызмет көорсету орталығына барып өтініш білдіреді. Жеке куәлігі, мекен жай туралы анықтама, банк есеп-шотын қоса өткізеді.