«Өзіне өзі қызмет көрсету секторы табысты жұмыс істеуде»

925

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов.

– 2017 жылдың аяқталуға жақын. Биылғы атқарылған жұмыстарыңыз жөнінде айтып өтсеңіз…

– Халыққа қызмет көрсету орталығының облыс бойынша 33 бөлімі жұмыс істейді. Оның екеуі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы болып саналады. Жалпы жыл басынан бері 5 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 3,5 миллионы электронды қызмет түрі болып саналады.

– Өзіне өзі қызмет көрсету секторы жөнінде айтып өтсеңіз…

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалалық және аудандық қызмет көрсету бөлімдерінің барлығында электронды қызметті насихаттау және халыққа тиімді үйрету мақсатында өзіне өзі қызмет көрсету бөлімдері жұмыс жасайды. Ол жерде қызметкерлеріміз халыққа үйретіп, кеңес береді.

– Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай жағдай жасалған?

– Барлық бөлімдерде арнайы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдау үшін жеке терезелер бекітілген. І, ІІ топтағы мүгедектер үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметті алуына мүмкіндігі бар. Республика бойынша 1414 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Соған хабарласып өзіне қажеттті қызметке тапсырыс бере алады. Тапсырыс біздің орталыққа келіп түскеннен бастап мамандар оны қабылдап 72 сағаттың ішінде дайын құжатты береді.