«Проблемалар арқылы оқушылардың ізденімдік, танымдық аспектілерін арттыру – басты мақсат»

1147

«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонақтары – №80 мектеп-лицейінің директоры Сәуле Жантөреқызы және №1 А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының директоры Гүлназ Сайлауқызы.

– Финляндия елінде білім жетілдіріп, шетелдің озық технологиясын меңгеріп қайттыңыздар. Алған әсерлеріңіз қалай?

– Біз Астанадағы халықаралық бағдарламалар орталығында Шымкент қаласынан 400-ге жуық мұғалімдер мен директорлар барып сынақ тапсырып, емтиханнан өттік. Содан іріктеліп 4 мұғалім және 5 директор сынақтан сүрінбей өттік.

–  Фин елінің біздің елден өзгешелігі қандай екен?

– Фин елінде білім саласы өте жоғары деңгейде. Жаңа мазмұнда білім беру саласы бойынша олар 2014 жылы бастаған екен. Жаңартылған мазмұн бойынша олар тек қана теориялық қана емес практикада да көптеп іске асырады екен.

– Ол жаққа өзге елдерден де келген болар?

– Ия, бізбен қатар Бразиялияның мұғалімдері білім жетілдірді. Финдердің 98 пайызы мұғалімдерге сенім артады екен. Мұғалім болу үшін 120 орынға 1600-2000 адам конкурсқа түседі екен. Сондықтан да өте жоғары дәрежелі, сапалы, білімді ұстаздар ғана іріктеледі екен.

– Фин елінде басқа елдерден келген мұғалімдермен сұхбаттасу барысында тіл кедергі болған жоқ па?

– Ортақ ағылшын тілінде. Біздің оқуларымыз орыс тілінде жүрді. Бірақ ол жаққа барғанда біздің ағылшын тілінен дайындығымыз болды. 80-ге жеткен апалар тіл үйренуде екен ол жақта. Бізге қызық көрінгені рас. Ол жақта басты қағида өмір бойы білім алуға дайын болу. Олар альцгеймер ауруына ұшырамас үшін 50-ден асқаннан кейін әлбетте тіл үйренуге ден қояды екен. Екінші, үшінші өзге тілді үйренеді екен.

– Ол жақтан келгеннен кейін әдістеріңізді, тәжірибелеріңізді бөлісудесіздер ме?

– Сертификат алу үшін өзіміздің ғылыми жобамызды қорғадық. Ол ғылыми жобамыз фин оқу үрдісінен не қабылдай аламыз, нені қолданысқа енгіземіз деген мақсатпен келдік. Проблемалар арқылы оқушылардың өздерінің ізденімдік, танымдық аспектілерін арттыру. Бұл жағынан қазір жұмысты бастап та кеттік. Ол жақта мұғалімді қоғам болып құрметтейді екен. Мұғалім қоғамда интеллект мүшесі ретінде қалыптасқан. Бүкіл қоғам мұғалімді тұлға ретінде, содан бір жаңа идеяларды, жаңа өмірдің бетбұрысын үйренетін үлкен тұлға ретінде қабылдайды.