VIP-нөмірлерді сатып алушылар көп

549

Оңтүстікқазақстандықтардың VIP-нөмірлерге деген қызығушылығы жоғары болып тұр. Ерекше нөмірлердің қымбаттағаны да оларға тұсау болып отырған жоқ. Жаңа жылдан бастап тағы да қымбаттайтын нөмірлер қалтаны қақса да оны сатып алатындардың қатары азаймайтыны байқалады.

Автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне ресми бағалары жарты миллион теңгеден асса да өзгелерден ерекшеленгенді ұнататындардың қолайына жағып тұр. Әсіресе 777, 707 нөмірлеріне құмбылдар көп. «Крутой» нөмірлер қазына қазанын толтыруға да қомақты үлес қосуда.

Асылбек Алиев, ОҚО Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу емтихан бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі: «Биылғы қаңтар айынан бастап VIP-нөмірлердің арасынан 100, 200, 600, 700 нөмірлері мол сатылған еді. Енді оларға 010, 020, 050, 077, 707 нөмірлері қосылды. Ресми түрде бекітілген баға бар, келер жылдан бастап АЕК көрсеткіш өседі, соған байланысты төленетін болады. Сұранысқа ие нөмірлердың сатылымынан 11 айдың ішінде 104 млн 469 мың теңге түсті. 11 ай ішінде өтініш иелеріне 169 621 қызмет көрсетілді».