Қазақстан Кубогі мергендердің қайсысына бұйырар екен

303
5 облыстың мергендері Шымкентте

Еліміздің бес облысынан жиналған мергендер шымкенттің спорт алаңында Қазақстан кубогі үшін таласты. Жарыстың алғашқы күнінен бастап-ақ көш басшылар көзге түсіп, дода тартысты бола түсті. Садақтың компаут түрінен көздеуде шымкенттіктердің топ жаруы бапкерлерді таң қалдырды. Өйткені, осыған дейін алматылықтар үздік танылатын. Облыс мақтанышы Луиза Сайдиеваның бүгін жолы болмады. Алматылық және ел ордалық мергендер алға шықты.

Луиза Сайдиева: «Ауа-райы қолайсыз болды. Жел тұрып, оқ дұрыс ұшпады. Білмеймін, содан болса керек сәтті ойын көрсете алмадым. «

Бұл жарыстың өз алаңында өтуі де шымкенттіктерге қолдау болды. Жерлестеріміз облыс қоржынын 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен толықтырды. Сөйтіп, бүкілкомандалық сынақта оңтүстікқазақстандықтар бірінші орыннан көрінді. Ол дегеніміз, Қазақстан Кубогі Шымкентте қалды.