Үш жасар Кирилл әжесін іздеп жүр

335
Кириллдің жасы үште

Шымкентте тағы бір жеткіншек ата-анасына іздеу салуда. 3 жас шамасындағы балақайды бейімдеу орталығына полиция қызметкерлері алып келген. Өзін Кириллмін деп таныстырған баланы олар Гагарин көшесінің бойында адасып жүрген жерінен тауып алған. Қазанның 21-нен бері Кирилл шымкенттің бейімдеу орталығында жүр. Әлі күнге дейін оның ата-анасы немесе туыстары тәртіп сақшыларына арызданбаған. Ал балақайдың өзі әк-шешісінің аты-жөнін білмейді, оның орнына Нина есімді әжем бар дейді.

Кириллдің оң қолының сұқ саусағында жарақаты бар. Электр қуатынан қалған із деп оны  түсіндіреді Кирилл.

Кирилл ашық мінезді бала екені бірден-ақ байқалады. Ол көп ұзамай-ақ орталықтағы балалармен ойнап кеткен. Ал егер Кирилл жөнінде хабарыңыз болса немес оның туыстарын танысаңыз  41 -02-67 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұранамыз.