Әлеуметтік дүкендер деген не?

Сұрақ:

Салима АРТЫҚБАЕВА, зейнеткер:

Теледидардан әлеуметтік дүкендер дегенді естіп қалдым. Ол қандай дүкен? Күнделікті азық-түлік алып жүрген кәдімгі дүкендерден олардың айырмашылығы бар ма? Әлеуметтік дүкендер барлық тұтынушыны қамтамасыз ете ме? Әлде оларға бекітіліп қойылған тізімге іліккендер ғана баруы керек пе? Сосын олар қай жерде орналасқанын айтып, мекенжайларын берсеңіздер екен…

Жауап:

– Осыдан екі жыл бұрын облыс әкімінің бастамасымен аз қамтамасыз етілген отбасыларға қамқұорлық жасау ниетінде Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер ұйымдастырылған болатын. Бұл бастаманы қызу қуаттап, жүзеге асыруға мұрындық болған «Атамекен» корпорациясы. Қазір осы корпорацияның облыс орталығында көптеген дүкендері бар. Бұл дүкендердегі азық-түлік негізінен шаруа қожалықтары мен өнім өндіруші кәсіпорындардан тікелей жеткізіліп тұратындықтан бағасы өнім өндірушінің босату бағасымен саудаланады. Яғни базардағы, өзге дүкендердегі бағадан төмен болуы тиіс. Бүгінде тәжірибе көрсетіп отырғандай мұндай дүкендерден тауар сатып алушы тұтынушылардың әлеуметтік статусына шек қойылмаған. Төменде мұндай дүкендер қай жерде орналасқанын ұсынып отырмыз.

Әлеуметтік дүкендер тізімі:

№      Атауы                                            Мекенжайы

1.   «Атамекен НАН»                          Ә.Жангелдин көшесі, «Казпошта» жанында

2.  «Атамекен НАН»                            Ә.Жангелдин көшесі, «Эврикаға» қарама-қарсы

3.  «Атамекен НАН»                            Ю.Гагарин көшесі, «Қапланбек» сауда базарының жанында

4.  «Атамекен НАН»                           Ю.Гагарин көшесі, «1000 ұсақ-түйек» базарының жанында

5.  «Атамекен НАН»                         А.Асқаров көшесі, №2 перзентхана жанында

6.  «Атамекен НАН»                         А.Мангелдин көшесі, Саз мектебінің жанында

7.  «Атамекен НАН»                      «БАМ» шағынауданы, мектеп жанында

8. «Атамекен НАН»                      «Нұрсәт» шағынауданы, Т.Назарбеков көшесі

9. «Атамекен НАН»                        «Нұрсәт» шағынауданы, Т.Назарбеков көшесі «Зерде»дәріханасының аумағында

10. «Атамекен НАН»                      «Север»шағынауданы, Т.Рысқұлов көшесі

11. «Атамекен НАН»                     «Жоғары Отырар» шағынауданы, Т.Рысқұлов көшесі

12. «Атамекен НАН»                   18-шағынауданы, Ерімбетов көшесі

13.»Атамекен НАН»                     16-шағынауданы, Ж.Шаяхметов көшесі

«Атамекен НАН» ЖШС-нің әлеуметтік киоскілердің тізімі:

№   Атауы                         Мекенжайы

1. «Атамекен НАН»          Ш.Рашидов көшесі, «Хан-Сұлтан» дүкенінің аумағында

2. «Атамекен НАН»         Ә.Жангелдин көшесі, «Айгүл» дүкенінің аумағында

3. «Атамекен НАН»         Темірлан тас жолы, «Жаңа шаһар» аялдамасы

4 .»Атамекен НАН»          А.Байтұрсынов көшесі, «Болашақ колледжі» аялдамасы

5 «Атамекен НАН»           Т.Рысқұлов көшесі, «Евразия» базарына қарама-қарсы

6 «Атамекен НАН»           Т.Рысқұлов көшесі, «Есім» кафесінің жанында

7 «Атамекен НАН»             «Восток» шағынауданы, мектеп жанында

8 «Атамекен НАН»            Ш.Уәлиханов көшесі, «Прага – 9» кафесінің жанында

9 «Атамекен НАН»           Ш.Уәлиханов көшесі, «Доня» дүкенінің жанында

10 «Атамекен НАН»         Ш.Уәлиханов көшесі, пошта жанында