Алтынның бағасы шарықтап барады

Алтын бұйымдарға баға қымбаттаса да оған сұраныс үнемі жоғары дейді базардағы сатушылар. Былтыр шарықтаған баға биылдың өзінде екі-үш мәрте өсті. Алайда осыған қарамастан асыл заттарды сату- тиімді кәсіп деп есептейді Батай Жарымбетова.

Дүкендердегі алтын бұйымдардың сан алуан түрі көздің жауын алады. Қалтаң көтерсе гауһар тасты жүзік,сырға не білезік алып қойсаң ғой, келешекке жақсы салым дейді

Алтын тиімді салым екендігімен сатушылар да келіседі. Өйткені мұндай бұйымдар өз құндылығын жоғалтпайды.

Тұрақсыздық, Дағдарыс кезеңінде ақшаны инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатып алуға жұмсаған пайдалы деп кеңес береді мамандар. Олар шақаларды тапсыру тиімді және ұтымды екендігін жасырмады.

Алтын монеталардың бағасы Лондондағы қымбат металдар нарығының қауымдастығына тәуелді. Қазіргі таңда салмағы 1 унция таза алтын монетаның бағасы 1 мың доллардан жоғары, ал 2003 жылы оның бағасы 400 АҚШ долларды құраған болатын. Осыдан ақ алтын бағасының қаншаға қымбаттағанын байқауға болады.