Көне тарихы бар Шымкент шаһарына қанша жыл?

Талай жұрттың талқы таразысына түскен бұл сұраққа әркім әртүрлі болжам айтып жүр. Нақты жауап жоқ.Осы ретте, жағымды ақпырыт жарияланды. 2012 жылы шаһардың пайда болуына қатысты нақты деректер анықталатын болады.

Алдағы екі жылда Шымкент шаһарының пайда болуына қатысты түрлі қауесетке нүкте қойылмақ. Өйткені мұнда кешенді археологиялық экспедиция жұмыс істейтін болады. Археологтар айғақтар арқылы нақты тарихи мерзімді орнатпақ. Олар ескі қалашықта зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне депутаттар мен шенеуніктер қолдау көрсетіп, қол ұшын беруге уәде етіпті. Олар 2012 жылдың бюджетінен 15 млн. теңге бөлуді қарастырмақ. Бұл іске ТМД елдері, Франция және Англия мемлекеттерінің тәжірибелі археологтары тартылады. Шенеуніктер тарихи ескерткіш маңында заңсыз құрылысқа да нүкте қойлатынын жасырып қалмады.

Зерттеу жұмыстары тиянақты жүрігізілсе, мұнда ашық аспан астындағы мұражай да ашылуы мүмкін. Шенеуніктер оған да қол ұшын беруден аянбайтынын айтады.