Оқу маусымы кезінде шәкірттер жаппай мақта теріміне тартылған

Таң атқаннан кеш батқанға дейін мақталықтарға еңбекке салған.

Мақтаралда еңбектену маусымы басталды. Ондағы шәкірттер жаппай мақта теріміне тартылған. Ақ алтын жинауда қара терге түскен оқушылар тіпті, сабақты да шетке сырып тастаған.Таң атқаннан кеш батқанға дейін мақталықтарда қызу қарекет. Үлкенді де, кішіні де осы алқаптан көруге болады. Сабақты сырып тастап, нәпақа табудың жолына түскен шәкірттер терімнен күніне 600-700 теңге пайда түсіреді. Жер иелері болашақ ұрпақтың білімділігін емес, өнімді молынан жинауға көп күш салуда. Ең сорақысы, мұндай әрекетке еліміздегі жетекші партияның аталмыш аудандағы белді өкілі де барып отыр.