Паралимпиялық ойындардың алғашқы үш күні өтті (видео)

214
арбаның тапшылығы басты проблема

Алғашқы үш күннің ішінде сайыстың көп бөлігі ойнатылып, медальдар өз иелерін тауып та қойды. Шымкенттіктердің жүлде қоржынында 6 медаль бар. Командалық есепте қай құраманың көш бастап отырғанын айту қиын. Өйткені, әр күні көрсеткіш өзгеріп отырады. Паралимпиялық ойынның қорытындысы бойынша Лондондағы дүбірлі сайысқа жолдама да жеңіп алуға болады. Сондай ақ, бір қатар отандастарымыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына да ие болуы мүмкін. Қазақстанның рекордын жаңалайтындар да көзге түсері сөзсіз екенін төрешілер жағы алға тартады. Ал Облыс әкімінің ұсынып отырған 500 мың теңгелік сыйақысы қай командаға бұйыратыны қазанның 8-не белгілі болады. Алғашқы үш күннің өзінде мүмкіндігі шектеулі жандар жаңа достар тауып, жарыстың өтуі жайында пікір де қалыптасқан.

Алексей Лукутин: «Адамдарды қызықтыра білу керек. «Нұр Отан» – «Нұр Отан» дейді, ал сыйлықтарды көрмей отырмыз. Алғыс хат беріп, мәз қылды. Әрине, спортпен шұғылдану үшін де бір қолдау көрсетіп қойса болмас па еді. Мен мәселен күн көру үшін қосымша тағы жұмыс істеймін. Өйтпеген күнде жалғыз спортпен күнкөру мүмкін емес».

Павел Сейдарчук, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Біздің елде паралимпиадалық спорт түрлерін дамытуды қаламйтын сияқты. Теледидар арқылы біз барлығына да жағдай жасап жатырмыз деп айқай салады. Оның барлығы жалған. Қолдап жатқан ешкім де жоқ. Жанкүйерлер де жоқ. Мәселен, Қытайда Ресейде бұл спортты қолға алып, алға үлкен қадам жасаған. Ал бізде қалай? Түсініксіз».

Алла Грязнова,  3-х паралимпиялық ойынның чемпионы: «Қолдау болмаса спортпен ншұғылдану өте қиын. Мәселен, адамдар қиындығына қарамастан поезбен жарыстарға барып жатады. Енді соларға аз да болса қаржылай көмек көрсетсе болмайды ма».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bKluQ2w6iD4[/youtube]