Шымкент төрінде «Шапито» циркі

201
Ерлі зайыптылар көрінісі

Шымкентте балалар және олардың ата-аналары үшін үлкен мереке. Балақайлардың көңілін көтеріп, қуанышқа бөлеп отырған Санкт-Петербургтан арнайы келген Шапито циркінің ұжымы. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап, балалар базарлығын ұсынып отырған циркке келушілердің қатары күннен күнге көбейіп келеді. Олар қаламыздағы орталық стадион алаңында қазан айының 31-не дейін өнер көрсетпек.
Осылайша күлкі мен сиқыр әлемінің сүйікті кейіпкерлерімен кездестірген «Империал» күніге кешкісін өз қойылымдарымен көпшілікті қуантады. Әсіресе, бүгінгі қойылымға келген көрермендер санында шек жоқ.

Жиналғандардың Шапито циркінің сайқымазақтарын сағынып қалғандары соншалық, олардың әрбір таңғажайып нөмірлерін ерекше қошеметпен қарсы алды.

Кішкентай маймылдардан бастап, оқушы иттер, биші аттарда кәсіби шабандоздар өз өнерлерімен тәнті етсе, акробат арулар аспанда шарықтап қайталанбас туындыларын ұсынды. Жазушы Пушкиннің қияли әлемін әсем қимылдармен жеткізе білген әртістерге таңдай қақпағандар аз болған шығар, сірә.

Мерген қыздың қырлы қамшысы дәлдеген жеріне дөп тигізсе, сайқымазақтар көрерменді күлкіге бөледі. Шымкенттіктердің цирктен алған әсерлері ерекше.