Жүргізуші жоғары қысымды газ құбырына соқтығысқан

Шымкентте апат салдарынан 2 мыңнан астам үй газсыз қалды. Жүргізуші жоғары қысымды газ құбырына соқтығысып, тұрғындарды көгілдір отынсыз отырғызды. Бұл туралы ТЖМ-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқиға сәрсенбі күні кешқұрым, Абай ауданы Қызылжар кентінің Ахунбабаев көшесінде болды. «HOWO» автокөлігінің диаметрі 57 мм-лік қысымы жоғары газ құбырына соқтығысуынан жекеменшік сектордағы 2 165 абонент көгілдір отынсыз қалды.

Нәтижесінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 14 адамы мен 3 техникасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 25 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды. Мамандардың хабарлауынша, тұрғындарға көгілдір отын қайта қосылды