Жұртты алдаған әйел құрықталды

Шымкентте жұртқа несие әперемін деп сазға отырғызып кеткен әйел құрықталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша ол бүгінге деиін тоғыз адамды қыруар шығынға батырған. Өзгелердің атын жамылып несие алған әйел соңынан жәбірленушілерді банкке қарыз қылып отырған. Қазір қарызға белшеден батқан тұрғындар алаяқты сотқа беріп жатыр.
Алаяқ әйелден зардап шеккен тұрғындар қазір ішкі істер басқармасында айғай шу шығарып жатыр. Олардың барлығы да дәл осы әйел азаматшаның сазға отырғызып кеткенін айтып, арыз түсірген. Алайда қолға түскен күдікті өзінің алаяқтық әрекеттерге қатысым жоқ деп ат тонын алып қашуда. Айтуынша бұл қылмыстарды ол емес, сыбайластары жасаған болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, 51 жастағы сезікті өзінің алаяқтық әрекеттерін белгіленген сұлба бойынша жасаған. Яғни, алдымен ақшаға мұқтаж жұмыссыздар арасынан өзінің құбандарын тапқан. Артынша олардың аттарына құжаттар дайындап, сауда орталықтарынан несиеге тұрмыстық заттар алады. Оңай жолмен келген тауарды төмен бағамен қала базарларына өткізіп, ақшаның бір бөлігін ғана алданған азаматтарға беріп келіпті. Қазір алданған адамдардан банк несиелік қарызын қайтаруды талап етуде екен.
Қазір тергеушілер сезіктіден алданып қалған өзге де жәбірленуші тұлғаларды іздеп жатыр. Сондай-ақ күдіктіге қолқабыс жасаған сыбайластырдың бар-жоғын да тексеруде. Ал қолға түскен әйелге қатысты алаяқтық бабымен іс қозғап, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HpT8WajVujk[/youtube]