Әлем чемпионын жерлестеріміз мақтан тұтады

242

Мұрат Қыпшақбаев бастаған қалалық спорт мектебінде жаңа қуаныш. Әділжан Ыстыбаев Иранда өткен Әлем чемпионатында ел туын биікке көтеріп, алтыннан алқа тақты. Ашылғанына бір жылда әлі бола қоймаған спорт ордасы үшін бұл үлкен жетістік.

Әділжан 82 келі салмақтылар арасында топ жарып 18 елдің палуандары ішінен үздік танылды. Мектеп басшылығы чемпионға компьютер сыйға тартып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерден көрінуіне тілектес екенін жасырмады.