Алаяқтардан сақ болыңыз

270

Үйішілік газ жүйесіне қызмет – тұтынушының газ шаруашылығы мекемесімен  түзген келісімі негізінде көрсетіледі.

Ол қызмет үшін төлемдер тек түбіртек арқылы «Қазпошта» не «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның  кассаларында төленеді.  Төлемді тұтынушы әр тоқсанға немесе айға бөліп өтеуіне әбден болады.

Құбырдан газдың шығуы салдарынан авариялық жағдай бойынша биылғы жыл ең қауіпсіз саналып отыр. Газ шаруашылығының маммандары осылай дейді. Үйдің ішіндегі газ жабдықтарының ақауларына қатысты оларға тұтынушылар тарапынан биыл тек 400 арыз түскен. Былтыр бір жарым мыңнан астам адам шағымданған. Көрсеткіштің төмендеуін мамандар мерзімінде жүргізілген қызметтің сапалылығымен түсіндіреді.